Денсаулық сақтау мамандары жазасын өтеушілермен кездесті

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жуйесі департаментіне қарасты №59 мекемесіне Жамбыл облыстық прокуратурасының 5 басқарма бастығының орынбасары Эльдар Баймешов және Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының орынбасары Лаура Отарбай, Тараз қалалық №5 ауруханасының бас дәрігері Динара Сарсенова, бас дәрігердің орынбасары Перизат Маханова мекемедегі жазасын өтеушілердің денсаулық жағдайымен танысуға арнайы келді. Басқарма бастығының орынбасары мен тәжірибелі дәрігерлер жазасын өтеушілердің денсаулық жағдайымен танысу барысында сотталғандармен кездесіп, денсаулығы бойынша шағымдарын тыңдап, олармен жеке қабылдау өткізіп, мамандандырылған дәрігерлік кеңестер берді.
Сонымен қатар, мекеменің медицина бөлімінің меңгерушісі Бекжан Асанов рентген бөлмесі, терапевт қабылдау жүргізетін бөлме,УЗИ және ЭКГ кабинеттері, сараптамалар алынатын орын, тіс емдеу бөлмесін аралатып,қазіргі жұмыс жағдайымен таныстырды.