КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР МӘСЕЛЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Комиссияның күн тәртібінде аудандағы көпбалалы жайсыз отбасының мәселесі мен оған әлеуметтік, құқықтық көмек көрсету сұрақтары қаралды.
Жиын барысында комиссия мүшелері күн тәртібінде қозғалған мәселені талқылап, оңтайлы шешімдер қабылдады.
Сонымен қатар, аталған мәселе бойынша ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Комиссия төрағасының орынбасары кәмелетке толмаған әр жасөспірімнің қауіпсіздігі ата-ана мен ұстаздардың ұдайы назарында болуын және олардың арасында құқық бұзушылықтар орын алған жағдайда комиссия дереу шешім қабылдап, алдын алу жұмыстарын жүргізуі қажеттігін жеткізді.