ЖЕТІСАЙДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЕНБІЛІКТЕР ЖАЛҒАСУДА
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытовтың тапсырмасымен бүгін аудан аумағындағы қала, кент, барлық ауылдық округтерде жаппай сенбілік жұмыстары жүргізілді.
200-ге жуық тұрғындар мен 300-ден аса қызметкерлер және жергілікті кәсіпкерлер, 16 техника жұмылдырылған сенбілік барысында саябақтар мен гүлзарлардың, тарихи ескерткіштердің аумағы шөптерден, қураған ағаштардан тазартылып, көшелер мен арық-атыздардан 20 тонна тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылды. Сонымен қатар ағаштардың түптері әктеліп, көшеттер отырғызылды.
– Қоршаған ортаны таза ұстау – әр азаматтың парызы. Осы орайда, ауданның барлық тұрғындарын тазалықты сақтауға және табиғатты қорғауға өз үлестерін қосуға шақырамыз. Сенбілік тек белгіленген күндері ғана емес, әрбір тұрғын өз ауласын, үйіргелік жерлеріне тазалық жұмыстарын жүргізуі арқылы жыл бойы жалғасатын болады, – дейді аудан әкімі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі