КІТАП — САРҚЫЛМАС МҰРАМЫЗ
Баға жетпес ұлтымның мұрасына,
Оқығанда танымдық сыр ашылған.
Алуан түрлі әсерге бөлейтұғын,
Кітап менің айналды сырласыма.
Жан дүниеме кітап бұл — азық әлі,
Талай — талай дүние жазылады.
Сабылыстан күй кешіп жүрген кезде,
Жаныма ем кітап қой қазыналы.
Қапаланып қалғанда ісіңе шын,
Өмір сенің еңсеңді түсірмесін.
Сөрелерден қолды соз, жабырқама,
Кітап оқы өмірді түсінесің.
Кітап саған сол кезде үн қатады,
Жан дүниеңнің сырларын тыңдатады.
Өткендердің жеткізіп өсиетін,
Өзіңмен жан досыңдай сырласады.
Білімде тереңінен қазып көрген,
Бабалардың тарихын жазып берген.
Кітап бұл руханияттың баспалдағы,
Келешекке сарқылмас азық берген.
Самат Тоқбанов, ақын
Сарысу ауданы