АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ

Cарысу аудандық әкімдіктің мәжіліс залында Сарысу аудандық ардагерлер кеңесінің пленумы отырысы өтті.
🔰Жиынға аудан әкімі С.Мамытов, Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы – Е.Солтыбаев, орынбасары – Ж.Миллионұлы, облыстық билер кеңесінің төраға орынбасары Т.Жұмабек, аудандық, қалалық және ауылдық деңгейдегі ардагерлер кеңесінің төрағалары, билер кеңесі және пленум мүшелері қатысты.
🔰Күн тәртібінде «Аудандық ардагерлер кеңесінің жұмысын ұйымдастыру» және «Аудандық алқабилер кеңесінің 2024 жылы атқарған жұмысы мен 2025 жылға арналған жұмыс жоспары» туралы екі мәселе ұсынылды.
🔰Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Солтыбаев күн тәртібіндегі негізгі мәселеге тоқталды: — Негізгі күн тәртібі, Сарысу аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасын мерзімі өтуіне байланысты ауыстыру. 2019 жылы сайланған Жанат Жұмаділдаев өз жұмысын жемісті атқарып келді.
Жалпы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы 5 жылға сайланатынын жақсы білесіздер.
Ж.Жұмаділдаевтің мерзімі өткен жылы аяқталған болатын. Өздеріңізге мәлім Жанат Жұмаділдаев биыл 82 жасқа шықты. Біз облыстық ардагерлер кеңесі ақылдаса келе, Жанатқа алғысымызды білдіріп, құрмет — қошеметпен шығарып салмақшымыз, — деп аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметін абыройлы атқарған Ж.Жұмаділдаевқа құрмет көрсетіп, иығына шапан жапты. Өз кезегінде Ж.Жұмаділдаев осы уақытқа дейінгі қызметте қолдау көрсеткен аудан, облыс басшылығына алғысын білдірді.
🔰Сонымен қатар, пленумда аудандық кеңестер мен жаңадан сайланған ауылдық бастауыш ардагерлер кеңесінің төрағалары пленумға мүше болды.
🔰Жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағалығына С.Аппазовтың кандидатурасы ұсынылды. Пленум мүшелері кандиатураны қолдап, бірауыздан сайлады.
🔰Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық алқабилер кеңесінің өткен жылы атқарған жұмыстары бойынша хабарлама жасау үшін сөз аудандық алқабилер кеңесінің төрағасы Қ.Жандарбек баяндама жасады.
🔰Қорытынды сөз сөйлеген аудан әкімі С.Үмбетұлы ардагерлер кеңесінің ауданымыздағы алар орны ерекше екенін айтып, жаңа төрағаны қызметімен құттықтады.
🔰Пленум мүшелері ұсыныс — пікірлермен алмасып, алдағы жұмыс жоспарлар нақтыланды.