«Қазақстандағы қылмыстық сот әділдігін жетілдіру» жобасы қалай жүзеге асуы тиіс?
Бүгін 4-ші түрме реформасы форумы барысында Еуропалық одақтың «Қазақстандағы қылмыстық сот әділдігін жетілдіру» жобасының сарапшысы Сәуле Мектепбаева аталған жобаның жүзеге асырылуы жайында айтып берді.
«Осыдан 4 жыл бұрын, 2012 жылы Жақып Қажманұлы (ҚР Бас прокуроры Асанов) маған хабарласып, түрме форумы жобасымен бірлесе жұмыс істеуге ұсыныс жасады. Сол кезде ол маған табысты жоба құпиясы бар екендігін айтқан болатын. Ол жобаға үш адам, яғни, шабыттандырушы, жақсы орындаушы және «қамқоршы» болуы керектігін атап өтті. Міне осы жобаның «қамқоршысы», жетекшісі Жақып Қажманұлы болған еді», — деді ол.
Сонымен қатар, Мектепбаева еліміздің Бас прокуроры тек қана «қамқоршы» ғана емес сонымен бірге шабыттандырушы да болғанын баса айтты.
«Жұмыс тобы Бас прокуратураның 5 қабатында сағаттап отыратын. Өте көп сараптамалық жұмыс жүргізілді. Статистикалар қажет болған кездері кейбір кезеңге арналған түрме статистикасының болмағаны да анықталды. Сондықтан себептер мен тергеу нәтижелелерінің дұрыстығын салыстыру үшін мұрағатты көтеруге тура келді. Бүгін аталған команданың табандылығының арқасында жоба жүзеге асырылды деп айта аламын», — деді Мектепбаева.
Бас Прокурор: Құқық қорғау органдары тарапынан азапқа ұшырағандар өмір бойы билікке өкпелі
Аталмыш жиында Бас Прокурор құқық қорғау органдары тарапынан азапқа ұшырағандар өмір бойы билікке өкпелі болып өтетінін тілге тиек етті.
-Күн тәртібінде тағы бір мәселе бар. Ол — азаптаумен күресу. Бұл адамға қарсы жасалатын ең қатыгез, ең аяусыз қылмыстар. Кейбір қызметкерлеріміз қолындағы билікті пайдаланып, адамдарымызды қинайды, ұрып-соғады, арын аяққа басады. Бұл шынын айтсақ, 21 ғасырда, сұмдық!, — деді Асанов.
Осы орайда Бас прокурор құқық қорғау органдары тарапынан азаматтарың азапқа ұшырауына қатысты екі мысал келтірді.
«Мәселен, Қарағандыда Синявин деген азаматты азаптағаны соншалық, ол эпилепсияға ұшырап, қазір мүгедек. Слекишина. Мұны бүкіл республика біледі, ел біледі. Ақпарат құралдары жарыса жазды. Слекишинаға қатысты тек осы бір факті ғана бүкіл құқық қорғау жүйесіне кір келтірді», — деді ол. Сонымен қатар ол бұл тек ашылған қылмыстар екендігін айтты.
«Ал ашылмағандары, дәлелсіз қалып жатқаны қанша білмейміз. Азапқа ұшырағандар бұлар қорғаудың орнына қорлайды, деп өмір бойы билікке өкпелі. Осыдан кейін бізге халық тарапынан қандай сенім болуы мүмкін? Сондықтан біз бұл мәселемен айналысып жатырмыз. Арнайы топ құрдық Иогань Давыдовичтың басшылығымен арнай топ жұмыс істейді», — деді Жақып Асанов.