ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА «КӨКТЕМ-2025» ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

✔️Төлеби ауданында көктемгі су тасқынына дайындық аясында «Көктем-2025» республикалық командалық штабтық оқу-жаттығуы өтті. Оқу-жаттығу шарасында аудандық азаматтық қорғау қызметтерінің дайындықтары пысықталды.
✔️Іс-шараға Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов қатысып, өрт сөндірушілер мен медицина қызметкерлерінің жұмысын бақылап, арнайы техникалардың жағдайымен танысты.
✔️Оқу-жаттығу жиыны көктемгі уақытта ықтимал болатын төтенше жағдайларды жою бойынша азаматтық қорғаныс құрылымы мен қызметтерінің даярлығын тексеру және жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі