Табиғаты бөлек, қысы қатал болатын Түркістан ауылдық округінде қардың беті биылғы жылы да қалың. Жыл сайын округке қарасты елдімекендерді қардан тазарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі.
Осы орайда, су тасқынының алдын алу мақсатында Үшбас пен Арыстанды ауылдарының жолдары мен көшелері қардан ашылды. Аталмыш жұмысқа бір арнайы техника, бес адам жұмылдырылды.
Сондай — ақ, «ЕвроХим» ЖШС мен «ҚазФосфат» ЖШС мекемелері екі поручик және Камаз автокөлікпен қамтамасыз етті.