ЕМДЕЛМЕЙТІН ҚАНТ ДИАБЕТІН ЕМДЕГЕН ТАРИХ
Қант диабетімен, семіздікпен және қан қысымымен ауыратын ресейлік бай кәсіпкер бірде Сергей Петрович Боткинге жүгінеді.
Ол атақты профессорға көп ақша ұсынды, бірақ Боткин оны тек бір шартпен ғана емдеймін деп жауап беріпті.
Боткин бай кәсіпкерге: «Сен Одессаға жалаң аяқ, сөмкеңде бір бөлке нан, бір тиын ақшасыз барып келсең, емдеуді бастаймын. Егер бұл талап бұзылса, емдеуден бас тартамын»,- деп айтыпты.
Саудагер естігеніне күмәнданғанымен басқа дәрігер оған өлімнен басқа амалы жоқ екенін айтып, келісіп, ақыры жол жүруге мәжбүр болады. Саудагер Одессаға барар жолда қайыр сұрап, ауылдарға түнеп, Алланың бұйыртқан азын-аулақ асын жеп, 2000 шақырымнан астам жол жүріп, ақыры мақсатына жетеді.
Сосын Боткинге келіп емдеуді бастауын сұрайды.
Дәрігер оны көріп, «сен сап-сау адамсың» деп айтады. Саудагер аң-таң болып, қалайша сау екендігінің себебін құлықсыз сұрайды.
«Сенде семіздік, қант диабеті және жоғары қан қысымының белгісі жоқ болғандықтан қайткенде емдеу қажет емес деп айтқан екен.
А.Т