БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ
«Ерте ерте ертеде…» деп басталатын ертегі әлемі жақсылыққа, шыдамдылыққа, еңбекке тәрбиелейтін жанр. Мұнда көбіне екі кейіпкер болады. Оның бірі жағымсыз болып, жақсылықтың жолына кедергі болуға тырысса, екінші жағында жағымды кейіпкер үнемі жанына жақсы жандарды жиып, жамандықпен күреседі. Соңында жақсылық өз мұратына жетеді. Тәрбиелік мәнге ие болатын ертегі айтуды бүгінгі күннің әжелері әдетке айналдырып жүр.





