ТӨЛЕБИДЕ ЖАСТАР АРАСЫНДА ФОРУМ ӨТТІ

✔️Төлеби ауданында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратының лентасы қиылып, салтанатты жағдайда ашылды.
✔️Орталық ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарын мердігер мекеме «Construction Group SAMRUK» ЖШС жүргізді. Құрылыс жұмыстары бюджет есебінен 142 млн. теңге қаржы жұмсалған. Жаңадан жаңартылған мекеменің ашылуына орай, «Лудомания – ғасыр дерті» тақырыбында форум өтті.
✔️Жиынға Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің бастығы Ерболат Балғабаев арнайы қатысып, лудомания – бұл жай ғана әуесқойлық емес, бұл адам өмірін, отбасын және бүкіл қоғамды қирататын ауыр тәуелділік екенін атап өтті.
✔️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде «Лудомания сансыз қайғы – қасірет әкеледі, мыңдаған отбасына ойрандатып, көптеген адамдарды түрлі қылмыстарға итермелейді» деп атап өткен болатын.
✔️Тақырып аясында аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов, аудандық сот төрағасы Ғани Байарыстан, аудан прокуроры Дастан Мырзағали, ҚР Президенті жанындағы Парламентаризм институтының аға сарапшысы Шырынбек Оңғаров баяндама жасады.
✔️Басқосуда лудоманияның тек бір адамның мәселесі емес, бүкіл қоғамды қамтитын және біздің дереу назар аударып, шешім қабылдауымызды қажет ететін ауыр әлеуметтік проблема екені айтылып, жастарды құмар ойындардан аулақ болуға шақырды.
✔️Жиын қорытындысымен, жоғарғы сыныптан, арнаулы және жоғары оқу орындарында құқықтық, қаржылық сауаттылық бойынша білікті маманның дәріс беруін енгізуді сұранды. Сондай-ақ ҚР-ның 18 жасқа дейінгі азаматтарына және жалпы смартфон арқылы жылдам несие рәсімдеуді заң аясында тоқтатуды ұсынды. Халық пайдаланып отырған интернет желісіндегі шет мемлекеттердің қаржыландырып отырған түрлі ойын сауық бағдарламаларды мемлекеттік деңгейде сүзгіден өткізу, зерттеп зерделеу қажеттігі айтылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі