АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ САНАҒЫН ӨТКІЗУГЕ ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2025 жылдың 1 тамызынан бастап ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өткізіледі. Ауыл шаруашылығы санағында республика бойынша меншік нысанына қарамастан тіркелген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, ауыл шаруашылығы малдары, ауыл шаруашылығы техникалары мен қосалқы құрылғылары, ауыл шаруашылығы қызметін жүргізуге қатысты ғимараттар, құрыстар, мал ұстауға арналған қора-жай, арнайы кешендер барлығы қамтылады.
Бұл ауыл шаруашылығында дереккөдердің шынайылығы мен дұрыс тапсырылуын айқындайтын бір жүйе.
🔰Осы орайда, аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Молдабековтың төрағалығымен ауыл шаруашылығы санағының өткізуге дайындық жұмыстары туралы комиссия отырысы өтті. Комиссия отырысына қала және ауылдық округ әкімдері, тиісті мекеме басшылары қатысты.
🔰Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша «Ауыл шаруашылығы санағын ұйымдастыру туралы» аудандық статистика басқармасының басшысы Серік Жарқынбеков баяндама жасады. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Ауыл шаруашылығы дерекқорларының статистикалық есептіліктерінің тапсырылуы туралы» аудан әкімдігінің ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Ануар Қоянтайдың есебі тыңдалды.
🔰Күн тәртібіндегі барлық мәселе қаралып, ұлттық ауыл шаруашылығы санағына дайындық жұмыстарын ұйымдастыру бойына өткізу бойынша аудан әкімінің өкімімен арнайы комиссия құрамы мен іс-шара жоспары таныстырылып, жауапты сала басшыларына тапсырмалар берілді.