МАЛДЫ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛДЫРМАУ МАҢЫЗДЫ ІС

Кеше аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Молдабековтың төрағалығымен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша жиын өтті. Жиын барысында Нұрлан Оңғарбекұлы: — Аудан әкімінің бекітуімен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, чиптеу, жарық шағылыстырғыш лента тағу, белгіленбеген аумақтарда жануарларды қараусыз қалдырмау, жол жиегіндегі жануарлар салдарынан орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу және т.б. бағыттарды қамтитын түсіндіру — насихаттау бойынша жұмысшы топ құрылған болатын. Жұмысшы топ құрамына тиісті кәсіпорын және мекеме басшылары енгізілген.
Бұл бағытта, жұмысшы топтың мақсаты бойынша арнайы жадынама жасалып, барлығыңызға таратылды, — деді.
🔰Күн тәртібінде алғашқы мәселе бойынша аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Қанат Нарбеков баяндама жасады. Жиында аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Молдабеков бірқатар мәселелер бойынша мекеме, бөлім басшыларына тиісті тапсырмаларды жүктеді.