«Тазалық – саулық негізі» дейді дана халқымыз. Тазалықты сақтау, оған айрықша мән беру әрбір адамның туған жеріне деген жанашырлығын көрсетеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын қолдау мақсатында әр аптаның сенбі күні аудан аумағында тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы орайда, аудан басшысы Арман Абдуллаев бүгінгі жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстарына арнайы барып, жаяу аралап бақылады. Салаға жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар берілді.
Аталған тазалық жұмыстарын әр мекеме, аудан тұрғындары өзіне жүктелген аумақты таңғы сағат 10:00-ден бастап қарқынды жүргізді. Өткізілген тазалық жұмыстарында республикалық, облыстық маңызы бар автожолдың, ішкі көшелердің бойында жинақталған, бей-берекет тасталған күл-қоқыстарды тазалау, арам-шөптерден тазалау, ағаш түптерін әктеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ арық-атыздар тазаланды.
Жалпы аудандық шараға 1000-ға жуық тұрғын белсенді атсалысты. 5 арнайы техниканың көмегімен 6 мың тоннадан астам қаптарға жиналған қоқыс арнайы қоқыс полигондарына жөнетілді.