ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «TAZA QAZAQSTAN» ПЛАТФОРМАСЫ СӘТТІ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

✔️Түркістан облысында «Taza Qazaqstan» ақпараттық жүйесі сәтті іске асырылып жатыр. Тазалық жұмыстарына қатысты өтінімдер @TazaQazBot telegram-бот арқылы қабылданып, тиісті жұмыстар атқарылып келеді. Осылайша, тұрғындармен кері байланыс орнатылуда.
✔️Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен өткен аппараттың апталық мәжілісінде «Таза Қазақстан» бағдараламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар сараланып, алдағы жоспарлар пысықталды.
🔁Аймақ басшысы аудан, қала әкімдері мен сала басшыларына тазалық, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын күшейтіп, бақылауда ұстауды тапсырды.
📌– Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған бағдарлама аясында атқарылып жатқан жұмыстар жіті қадағалауымда. Өңір тазалығына аса жауапкершілікпен қараңыздар. Мониторинг жұмыстарын тұрақты жүргізіңіздер. Аудан, қала әкімдеріне бекітілген іс-шара жоспарын уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуін тапсырамын. Ағаш егу жұмыстарын осы аптадан бастау керек. Тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында насихат жұмыстарын күшейтіңіздер, – деді Нұралхан Оралбайұлы.
✔️Жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов аймақта бағдарлама аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, аудан, қалалардағы тазалық жұмыстарына жеке тоқталды. Бүгінгі күнге «Taza Qazaqstan» ақпараттық жүйесіне 1 297 өтінім түскен. Оның ішінде, 1 252 өтінім орындалса, 45 өтінім орындалу барысында. Түскен өтінімдердің басым бөлігі Қазығұрт, Мақтаарал, Созақ, Төлеби аудандары мен Түркістан қаласына қатысты. Сонымен қатар бағдарламаны тиімді іске асыру мақсатында мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарға бірқатар қызметті жүзеге асыру құқығын беру бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.
✔️Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында күнделікті өтетін 7263 тазалық іс-шара кестесі бекітілді. Сондай-ақ 34 ауқымды іс-шара жоспарланған. Жалпы бұл жұмыстар аясында тазалықты қамтамасыз ету, абаттандыру, нысандардың қасбеттерді күтіп ұстау, жарықтандыру, жол белгілерін ретке келтіру, жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге басымдық берілетін болады. Өңірде тазалық жұмыстары іс-шара жоспарына сәйкес, тұрақты түрде атқарылып жатыр. Аудан, қалалардағы санитарлық тазалық жұмыстарының деңгейін тексеру жоспары бекітілген. Санитарлық тазалық жұмыстарына мониторинг жүргізу кезінде Сауран ауданы және Кентау қаласының бірқатар кемшілік анықталды.
✔️Одан бөлек, биыл қоғамдық орындарда санитарлық тазалық талаптарын сақтамаған азаматтарға 2721 хаттама толтырылып, 58,8 млн теңге айыппұл салынды. Қазіргі таңда 24,9 млн теңге айыппұл өндірілді.
✔️Айта кетейік, 22 ақпан күні 17 аудан, қалада ұйымдастырылған тазалық жұмыстарына 26 300-ге жуық тұрғын қатысып, 251 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде, 761,6 тонна қоқыс шығарылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі