Көктем мезгілінің жақындауына байланысты Кентау қаласы аумағында санитарлық тазалық жұмыстары жүйелі іске асырылуда. Осыған орай, қалалық полиция қызметкерлері рейдтік іс-шара ұйымдастырып, тұрақты жүргізуді қолға алған.
Нәтижесінде, белгіленбеген орындарға қоқыс тастаған, ластаған және тыйым салынған тұрмыстық қатты қалдықтарды тастаған орындар анықталып, тұрғындарға айыппұл салынды. Мұндағы басты мақсат – қоқыс тастаудың мәдениетіне үйрету.
Айта кетейік, «Әкімшілік құқық бұзушылық» Заңының 434-бабына сәйкес, ретсіз қоқыстарды тастау, белгіленбеген орындарды, қоғамдық жерлерді ластау бойынша тәртіпсіздік орын алса: 10 АЕК (39320 тенге) айыппұл салынады.
Ал, 505-бабы бойынша абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру бойынша тәртіпсіздік жасалу нәтижесінде 20АЕК айыппұл салынады.
Тазалықты әр адам өзінен бастау қажет. Барша тұрғындарды қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, қоғамдық орындарда тазалық сақтауға шақырамыз!