ІРГЕДЕН ШЫҒАРУ

Қазақтың отбасылық-неке ғұрпында, күйеуі өлген
әйел әмеңгерлік жолмен өзінің таңдауымен күйеуінің аға немесе інісіне шығуы керек.
Егер еркегі өлген жесір әйел, заңды әмеңгерге шықпай басқа руға (жат жұртқа) шығатын болса, әйелді ақсақалдар «Іргеден шығару» салтымен шығарып салады.
Әйел күйеуінен қалған мал-мүлкінен үлес ала алмайды.
Балалары берілмейді, әкесінің
ауылында қалады.
Әкесінен қалған бар мал- мүлік үлкен ұлына бұйырады, ол інілері ер жеткенше бар малға, үйге қожалық етеді. Егер күйеуге тиетін жесір әйелдің қызы болса, әйелдің жеке меншігі болып саналатын,сәукелесін бермейді және әкесінен қалған мал-мүлік қыздың жасауы болып саналады.
Ал, жесір әйел екінші күйеуіне тек өз төркінінен келген жасауы, киімімен ғана кетеді.
Қазақ жылан киіз үйге кірген кезде жыланның басына ақ құйып, кері іргеден шығарып жібереді. Осыны да «іргеден шығару»- дейді.
РАЙХАН МАТАЙ