Адам құқықтары жөніндегі өкіл түзеу мекемесіне барды

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесіне департаментіне қарасты №59 мекемесіне адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышев келді. Мекемеге келу барысында адам құқықтары жөніндегі уәкіл жазасын өтеушілермен жүздесіп,мекемедегі санитарлық-медициналық мәселе жайымен танысты. Мекеме басшылығымен сотталғандардың құқықтарын сақтау,қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, сотталғандарды ұстау шарттарымен танысу үшін тұрғын аймақтың аумағына, мекеменің асханасы мен өнеркәсіптік аймағын тексеріп, еңбек жағдайымен танысып, өндірістік цехтарына және жеке кәсіпкерлерге барды. Соңында адам құқықтары жөніндегі өкіл жеке мәселелері бойынша бірқатар сотталғандарды қабылдады.