ЖАЗАТАНЫҢ ЖАТЫН ТӨСЕГІ
Халқымыз ежелден ағаштан ою ойып, темірден түйін түйген. Аудан орталығындағы Ж.Қуанышбаев атындағы музейінде ХІХ-ХХ ғасырлардағы бірқатар тарихи жәдігерлер сақтаулы тұр. Тарихи жәдігерлердің бірі – екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атанған атақта шопан Жазылбек Қуанышбаевтың ағаштан жасалған төсегі. Оны немересі Еркебұлан Жазылбек тапсырған.
Сондай-ақ музейде Жазатамыздың қолданған бұйымдары, екі «Алтын жұлдызының» көшірмесі, костюм-шалбары, шапаны, тақиясы, құжаттары көрермен көзайымына айналды. Әрбір тарихи жәдігердің өзіндік құпиясы бар.
Бұл төсекті «Дала академигі», «Малшылардың маршалы» Жазатаға аудандағы «ПМК-2006» құрылыс мекемесінің басшысы болған, ұлты неміс Иван Экгарт сыйға тартқан.
Ағаш төсек – жатып тынығуға арналған жайлы жиһаз. Ел арасында «ағаш төсек», «төсағаш», «керуерт», ал кейбір көркемдік ерекшеліктеріне қарай «сырлы төсек», «күмістелген төсек», «сүйектелген төсек», «оюлы төсек» деп аталады.
М.ҚОРҒАНБЕКОВА,
аудандық Ж. Қуанышбаев атындағы
музейдің қор сақтаушысы.