ЖАҢААРЫҚТА ЖАҢАРУ БАР

Аудан әкімі С.Мамытовтың халықпен есеп беру жиыны бүгін Жаңаарық ауылдық округінде жалғасты. Кездесуге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы мен мүшелері, аудандық мәслихат төрағасы мен депутаттар, құқық қорғау органдарының өкілдері мекеме, бөлім басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты.
🔰Жиында сөз алған С.Үмбетұлы: — Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, мемлекет пен қоғам арасындағы диалогтың сапасын арттыру мақсатында бүгін өздеріңізбен жүздесіп, есеп беру жиынын ұйымдастырып отырмыз. Жиын барысында ауданда атқарылған жұмыстармен алдағы жоспарлар туралы баяндау және сіздердің ұсыныс-пікірлеріңізді тыңдау үшін Жаңаарық ауылдық округіне келдік.
Өткен жыл егемен еліміз үшін түрлі саяси, экономикалық және әлеуметтік жетістіктерге толы болды.
Барша тұрғындардың берекелі тірлігінің арқасында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық саласында оң динамика қалыптасты, — деп ауылда атқарылған жұмыстарды баяндады. Сондай ақ, алдағы міндеттемелер туралы да айтып, жоспарлармен бөлісті.
🔰Жалпы, биыл ауылдық округте жаңару бар. Ағымдағы жылы Жаңаарық ауылдық округі Ақтоғай ауылында жасыл белдеу қорғаныш алқабы қоршалып, 50 түп қарағай ағаштары отырғызылады.
Ұ. Сыздықбайұлы ауылында волейбол алаңы, балар ойын алаңы және стрит воркауд спорт алаңы соғылатын болады. Жаңаарық ауылдық округі бойынша 6 жоба дайындалды.
🔰Кездесуден соң аудан басшысы тұрғындармен жеке мәселелер бойынша қабылдау өткізіп, сұрақтарға Заң аясында жауап берді.