Мүмкіндігі шектеулі және егде жастағы азаматтарға үйден дауыс беру мүмкіндігі қарастырылды

Сортөбе ауылы әкімінің сайлауында мүмкіндігі шектеулі және егде жастағы азаматтарға үйден дауыс беру мүмкіндігі қарастырылды
Сортөбе ауылында өтіп жатқан әкім сайлауы барысында барлық азаматтардың өз таңдауын жасауына жағдай жасалды.
Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандар мен егде жастағы тұрғындардың конституциялық құқығын қамтамасыз ету мақсатында үйлеріне барып дауыс беру мүмкіндігі ұйымдастырылды.
Аудандық сайлау комиссиясының мүшелері үйден дауыс беру туралы өтініш берген азаматтардың мекенжайларына арнайы барып, өз таңдауын жасауына мүмкіндік жасады.
Үйден дауыс беру кезінде сайлау рәсімдерінің талаптары қатаң сақталады.