ТАРАУИХ НАМАЗЫ
Бұл түннен, бар ма екен, түн артық?
Қариға ұйыған жамағат құмартып!
Құранның әуезі бойыңды балқытып,
Тарауих намазын оқу да – бір бақыт!
Пайғамбар сүннетін таратып,
Рухыңды ізгі оймен жаңартып!
Жан-дүниеңді күнадан тазартып,
Тарауих намазын оқу да – бір бақыт!
Қою түн – қобыздай мұнартып
Шектерін шертеді ғұлама уақыт!
Құбылаға бет түзеп, сап түзеп,
Тарауих намазын оқу да –бір бақыт!
Ораза сауабы – тұр артып,
Ешкімге жүрмегін кінә артып!
Алланың хатымен танысып,
Тарауих намазын оқу да – бір бақыт!
Алланы еске алып – құмартып,
Тарауих – демалу бір уақыт!
Жылаған жүректі уатып…
Тарауих намазын оқу да – бір бақыт!
Нағашыбай Қабылбек