ҚАЗЫҒҰРТТА «ТАЗАЛЫҚ – ТӘРБИЕ БАСТАУЫ» АТТЫ АУДАНДЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Қазығұрт ауданында «1 наурыз – Алғыс айту күніне орай» барлық ауыл округтерінде «Тазалық – тәрбие бастауы» атты жалпы аудандық сенбілік өтті. Аталмыш тазалық жұмыстарына аудан әкімі Азизхан Исмаилов бастаған мемлекеттік қызметкерлер, мекеме қызметкерлері, кәсіпкерлер, жастар өкілдері және аудан тұрғындары белсенді қатысты.
🔹Сенбілік барысында аудан аумағындағы негізгі көшелер, саябақтар, арық-атыздар, қоғамдық орындар, кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің маңайы күл-қоқыстан тазартылды.
▪️Тұрғындардың белсенділігі мен бірлігі бұл шараның жоғары деңгейде өтуіне ықпал етті. Қатысушылар сенбіліктің тек тазалық жұмыстары ғана емес, қоршаған ортаны аялау, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру жолындағы игі қадам екенін көрсетті.
♻️«Тазалық – денсаулық кепілі» – деген ұстаным төңірегінде сенбілік жұмыстарына белсенді қатысқан Қазығұрттықтар бірлескен еңбектің нәтижесінде туған жерді көркейтуге өз үлестерін қосты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі