“Әулиеата аңыздары”
Бізді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Төлегенов Бауыржан мен Шу ауданының құрметті азаматы, Жазушылар одағаның мүшесі, қоғам қайраткері Чекаев Жұмахан Тілеуұлы күтіп алды. Кітапханаға бардық. Сонда отырып Чекаев ағаның Шу өңірінің жер-су аттарына байланысты оқыған, естіген аңыз-әңгімесін тындадық. Ішінде Төле би бабаның кіңдік қаны тамған Шатыркөлдің қасындағы “Қасқырсай” деген жердегі аңыз ерекше әсер етті. Кітаахана ішінде отырып жан-жағымызға қарасақ бізден өзге адамдардың қарасы көрінбейді. Не ақсақалдар, не өлкетанушылар мен тарихшылар көрінбейді. Бауыржан мырзадан:

Содан ауданда білгіш, көп жазған, көп көрген деген тағы бір қарт бар деген жерге тарттық. Жол көрсетушіміз аңқылдаған жас баладай Жұмахан көкеміз.
Әлгі Шу қаласында тұратын қартымыздың үйіне келдік. Ол кісі де жәй кісі емес екен, үйінің іргесіндегі маңдайалды тақтайшаға көз салсақ, қоғам қайраткері, Қазақстанның құрметті азаматы, ҚР “Алтын жұлдыз” сыйлығының иегері, Әлем халықтары жазушылар одағының мүшесі Сәрсебай Қалиұлы деген қария боп шықты. Өкінішке орай қартымыз бірнеше кітаптың авторы болса да, жер-су аттарына байланысты аңыз-әңгімелер туралы мүлде бейхабар боп шықты. Ол жақтан мардымды дүние ала алмаған соң, қайдасың Мойынқұм деп жорта жөнелдік.