БАСҚАЛАРҒА КҮЙЕ ЖАҒА БЕРСЕҢ…

Ұстаздарының бірінен шәкірті:
-Ұстаз, неге сіздер бізге басқаларды кінәламау, сынамау, басқалар туралы жаман сөз айтпауға үйрете бересіздер? Бұл сондай маңызды нәрсе ме?,-деп сұрапты.
Тікелей жауап беруге асықпайтын мінезі бойынша ұстазы бір сәт ойланып тұрады да, шәкіртіне ішіне кішкене балшық салынған үрлемелі шарды беріп, үрлеуін өтінеді.
Шәкірт үрлей бастады. Ұстаз шәкіртіне:
— Қазір саған не көрініп тұр?,-деп сұрағанда
— Сіз және шар.
-Тағы да аздап үрле, енді не көріп тұрсың?
— Сіз көрінбей қалдыңыз, шар және оның ішіндегі балшықтар еріп жатқан секілді…
-Тағы да қаттырақ үрлей бер, не көрінді?
— Тек балшықтар көпіршіген шар ғана көрінеді
— Тағыда жақсылап үрлей бер
Шәкірт үрлеген сайын шар үлкейе берді де, бір кезде тарс етіп жарылып кеткенде, ішіндегі балшық жан-жаққа шашырап, баланың үсті де қарала балшық болыпты. Сасқалақтаған бала ластанған киіміне қарап тұрғанда ұстазы:
— Көрдің бе? Егер біреудің кемшілігіне, әлсіздігіне және күнәларына назар аудара берсең дәл осылай болады. Сен адамдарға кінә тағып, сынап- міней берсең, сол кінәлі адамды көруден қалып, кез келген уақытта жарылып кетуі мүмкін әуе шарлары тәрізді өзіңнің жаман ойларыңды ғана көретін
боласың, жамандау арқылы еккен сенің ойларың кеңейіп-үлкейіп жарылған кезде осы балшық тәрізді, тек сені ғана емес, айналаңыздағы барлық адамдарға шашырап, оларды да күйелеп-ластайды,-деп айтыпты да шәкіртін өз ойымен жалғыз қалдырып шығып кетіпті.