НЕ ҮШІН, КІМ ҮШІН БІЗ ӨМІР СҮРІП ЖАТЫРМЫЗ?

Біз тек өзіміз үшін ғана өмір сүреміз. Ешкім де бұл дүниеге сені қарның тоқ, қайғың жоқ бақытты болдыру үшін келмейді. Ал сенде басқа әлдебіреу үшін өмір сүрмейсің.
Біз тек өзімізге кездескен ауыртпалықтан шығу үшін «кім үшін, не үшін?» деген сұрақты қоямыз.
Қажет болғандықтан, дұрыс жауабын іздейміз. Өлімнен басқа кез келген жағдайдан шығудың жолы бар.
Оптимистік көзқараспен ғана дұрыс жауапты таба аламыз. Өйткені әлем оптимистерге арналған.
Пессимистер дүниеде ешқашан бақыт таппайды. Пессимистер ең жоғары сапалы француз духиін мұрнына жақындатып: «Мынадан қандаланың иісі шығып тұр» десе, оптимист адам түрмеде отырып, қандаланы мыжып өлтіріп, сосын мұрнына жақындатып: «духидің иісі шығып тұр» деп айтады екен дейді.