КЕШЕГІДЕН ДЕ ЖЫЛДАМ ЖҮГІР!
Алатаңмен таласа қазақтың даласында бір Қасқыр оянады. Оның басында жалғыз-ақ ой. Ең жүйрік Еліктен де жылдам жүгіру. Әйтпесе аштан өледі.
Алатаңмен таласа орманды алқапта бір Елік оянады. Еліктің басында да жалғыз ғана ой бар. «Ең жүйрік Қасқырдан да жылдам жүгіру, орғу, секіру! » Өйтпесе Қасқырдың тырнағына ілініп, өңешінен өтіп кетуі мүмкін…
Сіз Қасқырсыз ба, Еліксізбе, бәрібір таң атысымен жүгіруіңіз, бәріне үлгеруіңіз керек екендігін ұмытпаңыз.
Егер сіз Қасқыр болсаңыз, кешегі күні ең жүйрік Елікті ұстай алмаған болсаңыз, ал бүгін сол Елікті ұстап алғыңыз келіп тұрса бір нәрсені түсініңіз. Ол: «Ең шабан Еліктің өзі сізден де жүйрік екендігі!..» Олай болса бүгін кешегіден де жылдам шауып барып сіз бүгінгі бәйгенің жеңімпазы бола аласыз.
Егер сіз Елік болып кеше Қасқырдың аузынан аман қалған болсаңыз, бүгін де оған жем болуды тілемесеңіз онда жылдамдығыңызды кешегіден де арттыру қажет. Себебі, бүгін сіздің кезегіңіз келіп қалуы ықтимал.
Бір сөзбен айтқанда өмір жарысында артта қалмаудың жалғыз-ақ жолы бар. Ол: «Кешегіден де жылдам жүгіре білу!» Анадан, мынадан, одан-содан емес. Тек кешегіден ғана жылдам жүгіре білу.
Сіз солай ете аласыз ба?