ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫ БОКСТАН «СТРАНДЖА КУБОГЫНЫҢ» ЕҢ ҮЗДІК БОКСШЫСЫ АТАНДЫ

✔️Болгарияда өткен 76-шы «Странджа кубогы» халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасының жігіттері 5 алтын, 9 күміс, 4 қола еншілеп, жалпы есепте бірінші орынға ие болды. Ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен Түркістан облысының үміттері де жоғары дәрежеде өнер көрсетіп, ел құрамасының топ жаруына өз үлестерін қосты.
✔️Айта кетейік, 67 келіде жұдырықтасқан Төрехан Сабырхан барлық қарсыласын тізе бүктіріп, жеңімпаз атанып, «Странджа кубогы» халықаралық турнирінің «Ең үздік боксшысы» номинациясына ие болды. Ал 63,5 келідегі жерлесіміз Мұхаммедсабыр Базарбайұлы финалда қазақстандық Ертуған Зейнуллиновпен қолғап түйістіріп, турнирдің күміс жүлдесіне қол жеткізді.
✔️Сондай-ақ әйелдер арасында түркістандық қос бұрымды 66 келідегі Гаухар Шайбекова мен 75 келідегі Шұғыла Нәлібай қола медальді қанағат етті. Осылайша түркістандық жұдырықты ерлер мен әйелдер жалпы 4 медаль еншілеп, ұлттық құраманың топ жаруына өз септіктерін тигізді.
⤵️Ұлттық құрама сапында жүлде салған боксшылар тізімі:
Ерлер арасында алтын жүлдегерлер:
🥇63,5 келі — Ертуған Зейнуллинов
🥇67 келі — Төрехан Сабырхан
🥇71 келі — Аблайхан Жүсіпов
🥇75 келі — Сабыржан Аққалықов
🥇86 келі — Бекзад Нұрдәулетов
Күміс жүлдегерлер:
🥈51 келі — Даниал Сәбит
🥈54 келі — Тимур Қабдешов
🥈60 келі — Серік Теміржанов
🥈63,5 келі — Мұхаммедсабыр Базарбайұлы
🥈71 келі — Фарух Тоқтасынов
🥈75 келі — Тимур Нұрсейітов
🥈80 келі — Ерасыл Жақпеков
🥈86 келі — Нұрбек Оралбай
🥈+92 келі — Айбек Оралбай
⤵️Қола жүлдегерлер:
🥉48 келі — Теміртас Жүсіпов
🥉57 келі — Оразбек Асылқұлов
🥉60 келі — Талғат Сырымбетов
🥉92 келі — Данияр Рахымбердинов
⤵️Әйелдер арасында алтын жүлдегер:
🥇81+ келі — Ляззат Күнгейбаева
⤵️Күміс жүлдегерлер:
🥈48 келі — Әйгерім Сәттібаева
🥈54 келі — Әнел Сақыш
🥈57 келі — Айдана Забынбекова
🥈60 келі — Римма Волосенко
🥈81 келі — Жібек Жарасқызы
🥈81+ келі — Дина Исламбекова
⤵️Қола жүлдегерлер:
🥉50 келі — Элянур Тұрғанова
🥉52 келі — Жансая Рахымберді
🥉52 келі — Жазира Орақбаева
🥉54 келі — Сымбат Әлиасқар
🥉63 келі — Лаура Есенгелді
🥉66 келі — Гаухар Шайбекова
🥉70 келі — Азиза Исина
🥉75 келі — Шұғыла Нәлібай.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі