Уәде берудің бағасы – сыйлықтан арзан, ал құны – батпандай
1.Уәде берудің бағасы – сыйлықтан арзан, ал құны – батпандай. Анатоль Франс
2. Ұсынсаң қол жетпейтінді ғана уәде қыл. Сонда өзіңді кінәлай алмассың. Жак Деваль
3. Сұлулық пен даналық — қарапайымдылықта. Максим Горький
4. Сұлулықтың мағынасы адамның көңіл-күйі қаншалықты құбылмалы болса, соншалықты. Сұлулық — рәміздердің рәмізі. Сұлулық бізге бәрін ашып көрсетеді, себебі ештеңені білдірмейді. Оскар Уайльд
5. Сүйкімді әйел деп оның қасында өзіңе өзің ұнай бастаған жанды айтады. Анри Фредерик Амиель
6. Салтанат деп ақылы көркіне сай болуды айтады. Коко Шанель
7. Сұлу бойжеткен – табиғат тамашасы. Егде жастағы сұлулық – бұл өнер. Янина Ипохорская
8. Өмірдегі ең маңызды нәрсе – уақыт. Константин Щемелинин
9. Адамның кемшілігі уақыт өте келе оның абыройына айналады. Кейде керісінше. Константин Щемелинин
10. Күліп жүретін адам сұсты адамнан гөрі рухтырақ. Константин Щемелинин
11. Сабыр сақтасаң – уақытқа иелік етесің. Күйгелектенген, асыққан сәтте – уақыттың еншісіндесің. Уақыт — сенің қожайының, сен — оның құлысың. Константин Щемелинин
12. Өмір сүруге жетелейтін қайсарлығыңыз болсын. Кез келген адам өле береді ғой. Роберт Коди
13. Қайсарлықты тіпті дін десекте болғандай, дінсіз бәріміз де қорқақпыз. Джордж Бернард Шоу
14. Жағдайың мүшкіл кезде өмірді жек көру оңай. Бақытсыздық кезінде мейірімін жоғалтпаған адам қайратты. Марк Валерий Марциал
15. Барлық дүниеге дәмдеуіш болатын не? Ол – мейірім. Мейірімсіз бірде бір қасиет қастерлі болмас. Ең зор күнәны да мейірім кешіреді. Лев Николаевич Толстой
16. Адамның бойында мейірімі қанша болса, соншалықты өмірдің ғажабын көрмек. Ралф Уолдо Эмерсон
17. Жамандықты көріп, одан бас тартпаған адам мейірімнің құнын біліп, онымен бөлісе алмас. Лактанций
18. Адамды мейірімділікке үйретуге болады. Антисфен
19. Пасықтықпен шындықтан басқаға қол жеткізе алмайсың. Ізгілік қайсар келеді. Жақсылық ештеңеден қорықпайды. Жақсылық жасағаным үшін ешқашан өкінбеймін. Уильям Шекспир
20. Сүйіктімнің көз жанарынан оның ойлары емес, менікі көрінуі керек. Карл Краус
21. Әйелдер бәрін түсініп қояды. Қателессе, әдейі білгісі келмегені. Жан-Альфонс Карр
22. Әйелді мақтағандар – оларды жақсы білмейтіндер. Даттағандар – мүлде білмегендер. Гийом Пиго-Лебрен
23. Егер әйелдің бойында азаматқа тән қасиеттері басым болса, одан қашыңыз. Егер азаматқа тән қасиеті болмаса, өзі безіп кетеді. Фридрих Ницше
24. Азаматтан қаншалықты талап етсеңіз, ол соншалықты жақсы бола алады. Ал, әйел қаншалықты батылдығы жетсе, соншалықты жаман бола алады. Элберт Грин Хаббард
Афоризм кітабы
Аударған Шынар Әбілдә