
Түркістан облысында 7 наурыз күні қалың қар түсіп, боран соғу салдарынан Бәйдібек, Төлеби, Созақ, Сауран аудандарында 5 облыстық маңызы бар автомобиль жолдары қар құрсауында қалып, уақытша көлік қозғалысы тоқтатылды.

Қазіргі таңда Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Оңтүстік жолдары» МКК тарапынан жолдарды қардан тазалап, инертті материалдар себіліп, 38 арнайы техника мен 117 жұмысшы жұмылдырылып, көлік қозғалысы қалпына келтірілуде.

Атап айтқанда, Бәйдібек ауданында КХ-1, «Қошқарата-Жарықбас-Бірлік» а/ж 0-75,4 шақырымы, Төлебиде КХ-28, КХ-82, «Көксәйек — Нысанбек» және «Шымкент-Қасқасу-Көксәйек-Шымкент» жолдарында жұмыс жүрді.
Ал Созақта КХ-56, Жамбыл облысының шекарасы-Құмкент-Шолаққорған-Ащысай -Құсшы ата», Сауран ауданында КХ-56 «Жамбыл облысының шекарасы-Құмкент-Шолаққорған-Ащысай -Құсшы ата» автомобиль жолдарының бөліктері уақытша жабылды.

Жолды қардан тазарту инертті материалдарды шашу жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі