ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫЛЫҚ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР АРДАҚТАЛДЫ

Әйелдердің халықаралық күніне орай Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев ауылдық округтердегі көпбалалы аналардың шаңырақтарында болып, әулеттің берекесі мен ұйытқысына айналып отырған аяулы аналарды мерейлі мерекемен құттықтады.
✔️«Халқымыз қашан да ананы ардақтап, әйелдерді қастерлеп, шаңырақтың ұйытқысы, ырыс пен ынтымақтың алтын діңгегі деп бағалаған. Жылына бір тойланатын мерекеде барша ана, қыз-келіншектеріміздің еңбектерін бағалап, сый-құрмет көрсету біздің парызымыз», деді Азат Оралбаев.
✔️Аудан басшысы түрлі салада қарапайым жұмысшы болып қызмет атқарған көпбалалы аналармен сұхбаттасып, мерекеге орай сый-сияпат жасады. Өз кезегінде ардақты аналар аудан әкіміне арнайы құттықтап келгеніне ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.
✔️Айта кетейік, Темірлан ауылының тұрғыны Оразкүл Алшынбаева 13 ұл-қыз тәрбиелеп, олардан 50 немере, 35 шөбере көріп отыр.
✔️Қараспан ауыл округіне қарасты Берген ауылының тұрғыны Оразкүл Арыстанбайқызы 3 ұл, 3 қызы өсіріп, 23 немере мен 6 шөбере көріп отыр. Ардақты ана 40 жыл ауыл шаруашылығы саласында еңбек еткен.
✔️Қажымұқан ауылының тұрғыны Ұлбосын Ақмолдақызы 4 баланы дүниеге әкеп, олардан 11 немере, 7 шөбере сүйіп отыр. Ұлбосын апа Қажымұқан совхозында жұмыс жасап, трактор, комбайн айдаған. СССР кезінде депутат болып сайланған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі