Бүгін аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов пен Жаңаарық ауылдық округінің әкімі Қуандық Алдабергенов Жаңаарық ауылдық округінің тұрғыны, Тыл ардагері, ұлағатты ардагер ұстаз Ұмтыл Телбаева әжейдің шаңырағына барып, мерекемен құттықтап қайтты.
Саналы ғұмырын білім жолына арнаған ардақты Ұмтыл әже 40 жылға жуық ұстаздық еткен Телбаева Ұмтыл Исламғалиқызы 1936 жылы 7 желтоқсанда Орал облысының Новотроицк (қазіргі Төле би ауылында) дүниеге келген. Қазақ орта мектебін 1956 жылы мектепті аяқтаған соң Қызылорда қаласындағы М.Мәметова атындағы қыздар педагогикалық училищесіне «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандағына түсіп,1958 жылы аяқтады. Еңбек жолын кіші Қамқалы ауылындағы 8 жылдық мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып бастады. Ұзақ жылдар білім саласында еңбек ете жүріп, Қаракөл совхозының Сарысу 8 жылдық мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып абыройлы қызмет етеді. Кейіннен сол мектептен 1987 жылы зейнеткерлік демалысқа шықты.
Мереке күні Ұмтыл әжеге аудан әкімінің орынбасары Ерлан Дайрабайұлы ізгі тілегін айтып, гүл шоқтарын тапсырып, сый — сыяпат жасады. 90 жасқа аяқ басқалы тұрған ауылдың ардақты анасы Ұмтыл әжей мерекеде арнайы келіп құттықтаған аудан басшылығына алғысын білдіріп, ақ батасын берді. Еңбек ардагері елдің, жердің амандығы, ұрпақтың білімді, тәрбиелі болып өссе тілегін жеткізді.