Аналар – өмірдің шырағы
Көктемнің шуақты күндерінің қанатымен бірге ілесе келетін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, бүгін аудан әкімінің орынбасары Асхат Жабағы Жуалы өңіріне қарасты Күреңбел ауылының тұрғыны асыл Аналардың бірі тыл ардагері 97 жастағы Ханшайым Есмуратова әженің шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтап, аудан әкімінің құттықтауы мен мерекелік сыйлықтарын табыстай отыра, өңір халқының атынан ізгі тілегін жеткізді.