ОЙЛАР

…Менің түрлі-түсті ойларым бүгін тек ақ пен қара болып айналдыруда. Шындық кейде өтірікке айналатыны сияқты.
Менің дұрыс бола тұра теріс болатын кездерім бар! Мен ішкі адамыма соғыс ашамын.
Періштелік те шайтани да болуы мүмкін бұл соғыстың оң мен теріс-тің қай жағына шешілетіні белгісіз.
Бірақ, оң және теріс дегеннің өзі не нәрсе?
Ойлар… ойлар тек ақ пен қара болып шыр айналдырады.
Бүкіл ғалам сенің ішіңде өмір сүретінін түсінетін күн келеді. Сол күні сен сиқыршы боласың.
Сиқыршы ретінде сен әлемде өмір сүрмейсің, бірақ әлем сенің ішіңде өмір сүреді!
Сол кезде сен тынбай іздеген нәрселерің бәрі тек өз ішіңде бар екенін түсінесің!
Үнсіздік деп айтатын ештеңесі болмай қалды дегенді білдірмейді.
Үнсіз болу деген босап қалды дегенді білдірмейді, керісінше жауаптарға толы болады.
Қажетсіз даулардан аулақтап, дұрыс әрекет жасау үшін үнсіз қалу сенің тапқыр әрі ақылды екеніңді көрсетеді.
Бұл тек үйрету үшін емес, практикада іске асыру мақсатында пайда болған философияның бір түрі болмақ!
Жаңбыр жауған кезде жылауға үнемі дайын жүретін адамдар болады.
Күркіреген, ашулы, ешнәрсеге көңілі толмайтын адамдар болады.
Күнбағыс сияқты адамдар да болады.
Күн барда да, жоқта да, сыртынан да, іштен де жарқырап жүретін адамдар болады. Өйткені КҮН олардың ішінде болады!
Жақсы болып көріну үшін өзімізді қалыпқа салудың қажеті жоқ. Әлбетте, әр адам өмір бойы тіптен әдемі, тіптен ақылды болып көрінуге тырысады.
Алайда мен бір маңызды нәрсені түсіндім: Бізді шынымен жақсы көретін адамдар бізге шынайы қарап, бізде жоқ қасиеттерді де бізге береді.
Бізді ұнатпайтындар үшін біз қанша талпынсақ та, олардың көңілін ешқашан қанағаттандыра алмаймыз.
Сондықтан кемшіліктерімізді түзетемін деп әуре болудың қажеті жоқ секілді. Өйткені, кемшіліктеріміз өте құнды, солар арқылы ғана бізге шынайы ниетімен қарайтын адамдарды танитын боламыз!
Әлбетте, сүйіспеншілік пен қорқыныштың қай бірін таңдау біздің жүрегімізбен санамызда әр сәт сайын жасалып жатады.
Ішкі тыныштықты табудың процесі дәл осы жерден басталады.
Ішкі тыныштық болмаса, әлем бейбіт болса екен деген тілек бос тілек ғана болып қалады.
Тыныштық та сүйіспеншілік секілді ұлғаяды, кеңейеді.
Бірақ оны әлемнен жүрекке тасымалдап жеткізу мүмкін емес. Жүректен жүрекке, содан кейін күллі адамзатқа…
Демек, «Адамзаттың бәрін сүю…»(Абай) үшін алдымен жүрек тыныш болуы керек!
Барлығымыз тастауға тиіс бір нәрсе бар. Ол басқа біреудің келіп біздің өмірімізді өзгертуін күту. Ендеше, жай ғана, күтіп жүрген сол адамың бола біл. Өміріңе ғашық болып өмір сүр.
Өйткені өле-өлгеніңше әрбір жеңісіңе, сәтсіздігіңе, қорқынышың мен табысыңа куә болып, жаныңда бірге болатын жалғыз адам сен өзіңсің. Сыйлығыңды алуға келетін сол адам сен өзіңсің. Қиын кездерде қолыңнан ұстайтын сол адам сен өзіңсің. Құлаған сайын қолыңнан ұстап, көтеріп тұрғызатын сол адам сен өзіңіз.
Егерде осылар сенің өміріңдегі сүйіспеншілігіңнің мәні мен маңызы емес болса, басқа не екенін мен білмейді екенмін…
Ешкім де, ешқашан, қандай жағдайда да біреудің талғамына сай болмайды. Себебі, әр адам өз ойына алдын ала дайындаған қорапқа сай басқаларды қатыгездікпен сұрыптап отырады.
Осы сәттен бастап әркімнің алдында екі таңдау тұрады. Егер сен ол қорапқа кірмесең, жек көрінішті боласың, ал қорапқа кірсең, өзіңді жоғалтасың. Бірақ әрқашан үшінші таңдау да болатынын ұмытып кетпе!.