ТҮРКІСТАН: БИЫЛ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРЛЕРІНДЕ 40 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА ТЫНЫҒАДЫ
Түркістан облысында балаларды жазғы демалыс уақытында сауықтыру шараларын тиімді ұйымдастыру мақсатында жалпы 32 маусымдық демалыс лагерлері қызмет көрсетеді. Оның ішінде 11-і мемлекеттік болса, 21-і жекеменшік. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатында мәжіліс өткізді. Жиынға облыстық Білім басқармасы, өңірлік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, жауапты аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, білім бөлімінің басшылары, лагерлердің жетекшілері онлайн-офлайн форматта қатысты.







Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі