Балалар дойбыдан бақ сынады
«Үміт» арнайы мектеп-интернатында тәрбиеленіп жатқан ұлдар және қыздар арасында 64 шаршылы дойбыдан мектепішілік чемпионаты өтті.
Ұлдар мен қыздар арасынан 12 команда құралып, өзара мықтыны анықтады. Жарыс 4 кезеңді қамтыды. Ойын барысында қатысушылар өз шеберліктерімен және қабілеттерімен ерекшеленді.
Мектепішілік чемпионатқа добыдан ұлттық дәрежедегі төреші Жаухар Дәуренбекова төрелік етті.
Бәсеке қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте үздік деп танылған дойбышыларға диплом мен медальдар табыс етілді.
Сонымен қатар, марапаттау рәсімінде «Үміт» арнайы мектеп- интернатының дене шынықтыру пәні мұғалімі Құрман Тапелов, Ардақ Итемгенова және осы жолдардың авторы жарыстың жоғары дәрежеде өтуіне өз үлесін қосқан, бас төреші Жаухар Сағатқызына алғыс білдіріп, естелік сыйлықты тарту етті.
Людмила Поважная,
«Үміт» арнайы мектеп-интернатының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.