Жұмысшы мамандар арасындағы жарыс

Жастар ресурстық орталығы мен аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Жұ­мысшы мамандықтар жылы» ая­сында «Спорт пен еңбек – егіз ұғым» тақырыбында жұмысшы мамандар ара­сында аудандық спартакиада өткізілді.
Іс-шараның ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Айтолқын Абдибекова жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы маңыздылығын атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Спартакиадаға аудандағы мекеме­лер мен кәсіпорындардан 10 команда қатысты.
Бәсеке қол күрес, гір тасын көтеру, арқан тарту, қой көтеру, ләңгі тебу, асық ату және кіші футбол сынды спорт түрлерін қамтыды.
Жарыс барысында қатысушылар өздерінің ептілігін, жылдамдығын және командалық рухын көрсетті. Әсіресе, арқан тарту мен шағын футбол бәсекелері тартысты өтіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Спартакиада қорытындысы бойынша 1- орын — «Қазфосфат -1» құрамасы, 2 — орын – Қаратау құрылыс-техникалық колледжінің спортшылары ал, 3 — орынды «ҚТЖ – жүк тасымалы» Қаратау станциясы иеленді.
Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен, кубок, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Әсел Дүйсетай,
«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы.