Педагогтар арасында аудандық семинар өтті
2022 жылдан орта мектеп бағдарламасына Жаһандық құзыреттер пәні енгізілді. Жалпы жаһандық құзыреттер-қазіргі және болашақ ұрпақтың өміріне әсер ететін кез-келген мәселені шешу үшін қолданатын білім, тәжірибе және құндылықтар болып табылады. Ал пәнді оқытатын педагогтардың міндеті-білім алушыларды сәт сайын өзгеріп отырған әлемге бейімдеу, балалардың дүниетанымын қалыптастыру.

А.Байтұрсынұлы атындағы гимназияда өткен «Жаһандық құзыреттер — жаңашылдыққа бастама» атты аудандық семинар аталған пәннен дәріс беретін педагогтардың біліктілігін арттыруға және әдістемелік көмек көрсетуге арналды.
Шараның ашылу салтанатында сөз алған аудандық білім бөлімінің басшысы Мақсат Қазанғапов: -Жаһандық құзыреттілік қоғамда үйлесімді өмір сүру үшін қажет.
Бұл пән бойынша білім беру қоғамдағы мәдениет пен өзара байланысқа құрылған әрекеттерге ықпал етеді. Әлемдегі өзгерістер жастар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, сонымен қатар проблемалар тудыруы ғажап емес. Сондықтан ең бірінші адамға бейім, қабілет қажет. Ұйымдастырылып отырған семинардың педагогтар үшін берері көп,-деп шараға қатысушылардың еңбектеріне табыс тіледі.

Сондай-ақ басқосуда жаһандық құзыреттер пәнінің әлемдік деңгейде қалыптасу жолдарына тоқталған «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының жаһандық құзыреттер пәнінің тренері Жанар Хайрушева Эстон еліннің білім беру жүйесіндегі ерекшеліктерді баяндап берді.
Ал А.Байтұсынұлы атындағы гимназияның директоры Асем Абдразакова пән мұғалімдері тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар мен олардың шығармашылық табыстарымен бөлісті.
Семинар барысында А.Байтұрсынұлы атындағы гимназияның психолгі Сабира Егентай педагогтармен психологиялық тренер ұйымдастырса, мектеп-лицей мұғалімі Шолпан Умирбаева 5 — сынып оқушылармен «Менің денсаулығым-менің қолымда» атты тақырыпта ашық сабақ өткізді.
А.Байтұрсынұлы атындағы гимназияның жаһандық құзыреттер пәнінің мұғалімі Дидар Кушербаеваның пән мұғалімдері арасындағы «Жаһандық құзіреттер-жаңашылдыққа бастама» атты тренинг-коучингі оқытудың әдіс-тәсілдерін үйретуге, жаһандық проблемалардың азара байланысын зеттеуге арналды.
Педагогтардың кәсіби деңгейін арттыруға арналған семинар соңында бірқатар мұғалімдерге арнайы сертификаттар тапсырылды.
Талас ауданы