«TazaLike» акциясы

Жуалы ауданы аумағында «TazaLike» акциясы аясында және көктемгі екі айлық абаттандыру және санитарлық тазарту бойынша іс-шаралар өту барысы.
🖋️15 наурыз күні «TazaLike» іс-шарасына және «Көктемгі екі айлық көріктендіру, көгеріштендіру, абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстарын өткізілді.
📍Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылы және ауылдық округ көшелерінің тазалығын тұрақты қамтамасыз ету үшін жаппай сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, нәтижесінде 400ге жуық адам атсалысып, мекемелер өздеріне бөлінген аумақтарда санитарлық тазалық жұмыстарын өткізді.
🌲Сонымен қатар Б.Момышұлы ауылы «Жасай бер Қазақстан» саябағында аудан әкімі мектеп оқушыларымен бірге 100 дана қылқан жапырақты және жеміс ағаштары көшеттерін отырғызды.
🔹Жалпы аудан көлемінде сенбілік жұмыстары өткізіліп,көше бойлары мен арық-атыздар, су өткізгіш құбырлары толығымен тазаланды.
🔹Жалпы аудан аумағы бойынша 15 наурыз күні 700 ге жуық қоғамдық жұмысшылар, мекеме және кәсіпорын қызметкерлері және ерікті жастар мен аудан тұрғындары атсалысты.