Сенде Құран бар, кез-келген уақытта жаныңа жұбанышты Алланың Сөзінен ізде!
• Мұңайма!
Сенде дұға бар, кез-келген уақытта қажетіңді Алладан сұра!
• Мұңайма!
Сенде иман бар, Алланың мейірімі миллиондардан саған түсті.
• Мұңайма!
Себебі, сен — Мұхаммедтің үмметісің. Сен ең асыл, ең ізгі, жаратылыстардың ең кемел тұлғасының үмметі, сүйіктісісің!
• Мұңайма!
Себебі, сенің қайғың — дұшпаныңның қуанышы, досыңның мұңына себеп болады.
• Мұңайма!
Егер күнә істесең, тәубә бар. Дұға бар. Истиғфар бар. Әлі де кеш емес. Өткен іс өтті, мұңайма!
• Мұңайма!
Егер бір қолың жоқ болса, екі қолынан айырылғандар бар. Бір көзің көрмесе, екі көзінен айырылғандар бар. Бір жақының жоқ болса, бүкіл отбасынан айырылғандар бар.
• Мұңайма!
Себебі, мұңаю — уақытыңды бос өткізіп, нәтижесінде болашағыңа зиян жеткізеді.