Бұл қыздар туралы жазбасам болмайды. Олар тек кәсіпкерлікпен ғана айналысып қоймай, қоғамдық іс-шараларға да белсенді қатысып, өз үлестерін қосып жүрген нағыз еңбекқор арулар. Әрқайсысы өз саласында кәсібін нәсібіне айналдырып, еңбекқорлық пен табандылықтың үлгісін көрсетуде.
Бүгінгі іс-шарада да олар белсенді түрде қатысып, іс-шараның көркін ашты. Ұйымдастыруға қосқан үлестері мен қатысуы олардың тек кәсіпкерлік саладағы жетістіктерімен ғана емес, қоғамға деген жауапкершіліктерінің жоғары екендігін айқындайды. Осындай аруларымыздың арасында ұлттық дәстүрлерді сақтауға, мәдени құндылықтарды дамытуға қосқан үлестері ерекше екенін атап өту керек.
Олардың күш-жігері, үнемі ізденісте болуы және өз мақсатына жетуге деген табандылығы әрбірімізге үлгі. Қазіргі заманғы қазақ қыздары тек отбасын емес, кәсіп пен қоғамды да бірге алып жүруде, сол арқылы халқымыздың дамуына өз үлестерін қосуда. Сарысу ауданының іскер әйелдеріне деген Алғысым шексіз