Арыс қаласында Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз мерекесі қарсаңында 70 отбасы қоныс тойын тойлады. Қала әкімі Қайсар Маңқараев қоныс иелерін қуанышымен құттықтап, жаңа үйлердің кілтін табыстады.
Заманауи үлгідегі баспаналар Отырар шағын ауданында бой көтерген. Жаңа баспанаға қол жеткізген тұрғындар мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдауға ризашылықтарын білдіріп, қуанышты сәттерін жақындарымен бөлісті.
Қала әкімі өз сөзінде халықтың әл-ауқатын арттыру, тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ, алдағы уақытта да Арыста тұрғын үймен қамту жұмыстары жалғасатынын жеткізді.