ТАҢДАУ

Біз өмір сүріп жатқан әлем халқы екі лагерге бөлінеді.
БІРІНШІ ЛАГЕРЬГЕ көбінесе үнемі күтіп жүретін адамдар кіреді. Олар демалыс күндерін, кезекті демалысын, жаңа президентті, жаңа жылды және тағы басқа күтуе болатын барлық нәрселерді күте жүріп өмір сүреді. Олар әлеуметтік желілерде және теледидарда өмір сүріп, не істеу керектігін, не айтуды, қайда бару керектігін үйрететін біреуді күтіп, біреу ол үшін бірдеңе жасап жіберсе жақсы болар еді деген тілекпен өмір сүреді.
ЕКІНШІ ЛАГЕРЬГЕ өз өміріне жауапты адамдар кіреді. Олар көпшіліктен шыққан талпыныстар мен жіберген қателіктерді жеңіп, олардың мақтанышына айналады. Олар әлемнің қозғаушы күші болады, өздерін де сол әлемде алып жүреді, шексіз құпияларды ашып, жүректерінің шақыруымен өмір сүреді. Олар ешқашан өткенге өкінбейді, бақытты болашағы туралы өз жүрегіне ғана сыбырлап, өмірлерінің әрбір сәтін ақыл-ойларын жігерлендіріп-қайрауға жұмсайды.
Бұл екі лагердегілердің біреуі жақсы, біреуі жаман емес. Олардың өмірі мен өлшемдері бірдей. Оларға үкім шығаруға ешкімнің құқығы жоқ.
Ал біздің өзіміз үшін жасай алатын жалғыз нәрсе — таңдау жасау және күн сайынғы жүректің тыныш та жұмсақ соғысын тыңдай біліп, сол таңдауды жасау маңызды.
Өзіңді тыңда, жүрегіңнің шақыруына құлақ сал.
Біздің бақытсыздықтарымыз бен сәтсіздіктерімізге әлем ешқашан кінәлі емес.
Сенің тағдырдың шақыруына, өмірдің сынағын жеңуге, жауапкершілікке толы өмірді таңдайтыныңа күмәнім жоқ …
А.Т