КІМ ҒҰЛАМА?!…

Бағзы заманда ілім қуған жас бала,бір кішкентай қалашыққа келіпті.Жас жігіттің жүрген жерінде ғылым білім,нақыл сөз,үйреніп жүргенін естіген бір кісі, жас балаға;
» Нағыз ақыл ойдың кені, ғұлама адам бар,ол ана таудың биігінде тұрады. Соған барсаң өміріңе керектінің бәрін үйренесің.
Бірақ байқа қаладан шыққасын жол екі айырлып кетеді.Соның оң жағындағысына түс, солға түссең жәй бір қой бағып жүрген наданға барасың. Ғұлама кісіге жету үшін оң жаққа бұрыласың» деп жөн сілтепті.
Жас жігіт, ертесіне таң ата жолға шығып тауды бетке алып жүріп кетті.
Айтқандай ақ,бірсыпыра уақыт өткесін
жол екіге бөлінген екен.
Жөн сілтеушінің айтқанын еске ұстап, оң жақтағы жолға түсіп жүре берді.
Түстен соң күн еңкейген мезгілде таудың басында орналасқан кішкене үйшікке жетті.
Жас жігіт аулағырақтан шатыр тігіп, айтылған ғұламаны зерттей бастады.
Оның әрбір қылығына, қимылына іс әрекетіне баға беріп, мән іздеп отырды.
» Міне ғұлама үйден шықты, төңірегін айналшықтап қайта кіріп кетті, неге? мүмкін ол өмірде бәрі айналып келіп тұратынын меңзеген шығар.Міне есік алдында тамақтанып отыр, міне нанды оң қолына алып оны жоғары көтерді.
Неге? мүмкін ол нанның ең биік қадірілі ас екенін білдіріп отырма?» Осындай ойлармен ғұламаның әр іс қимылынан тұнып тұрған нақыл көріп,оның әр қозғалысына сүйсініп, іштей» Неткен даналық!! Табиғатпен неткен үйлесімділік. Айнала толы адам болсада, адамның жаны жалғыз екенін сезінген неткен ғұлама десеңші» деп күн санап оған елти берді.
Бір апта бақылаған соң, азық түлік әкелуге қайтадан қалаға оралды.
Қалада кездейсоқ баяғы жөн сілтеген кісіге кезігіп қалды.
» Ааа ғұламаны таптым дейсіңбе? еее жақсы болған екен, әйтпесе мен сенен ұятты боп жүр едім, мен саған қате айтыппын,жолдың айырығында оңға емес солға бұрылуың керек, оң жаққа кетсең жаман шопан шалға тап боласың, оның есі кіресілі шығасылы бірдеңе» деп жас жігіттен тағы кешірім сұрап кете берді.
Жас жігіт» Тууу ұят ай, бір апта бойы қайдағы жоқ жынды шалдың іс қимылынан мән іздеп жүрген мен ақымақ.Құрсын ешкім білмегені де жақсы болды» деп қаладан кеткенше асықты.
Содан жүгіре басып тауға бет алды да, жол айырығына жеткенде сол жаққа кетті.
Қанша жүргенін кім білсін, таудың басына жеткенде баяғы шалмен оның үйшігіне тап болды. Аң таң боп жан жағына бажайлап қарап еді.
Қала сыртындағы тау біреу, тек оған келер жол екеу екен…
Дәл осындай жағдайлар фб әлемінде де жиі болады.Мәселе біреу,пікір екеу,
ал оның дауы жетпісте жетеу…
Басында азды көпті жинағы бар ау деп жүрген кейбір ағаларымыз
бірін бірі түсінбей малтасын езіп отырғанын көргенде, енді кімнен,не үйреніміз деп қынжыласың…
М.Кенжебаев. Бейнеу.