ЖАЗЫЛМАЙТЫН АУРУ

Бала кезімде өте ерке болдым.
Таңғы асты ішпей, жылау басталады.
Сұрағанымды тауып беріп, ата-әжем көңілімді табады.
Бірде үйге Хамит қожа келді.
Әкем:» Қожеке Райханды көріп беріңізші, мазасы жоқ, жылай береді»- дегенде, тамырымды ұстап, Хамит қожа»: Сүйектен өтіп, қанына тарап кеткелі тұр екен» дегенде, Әкем:» Қожеке, өзімде сезіп едім, бір жері ауырмаса бала жыламайды ғой айтыңызшы, не ауру»- деп жылап сұраған еді.
Әлі есімде сонда Қожекең» Жазылмайтын еркелік» деген ауру деп еді. Сол айтқандай қазақтың бойына еркелік сияқты сүйекке жетіп,қанға тараған көп ауру пайда болды.
Сол аурудың бірі ұятсыздық.
Қазақтың қыз- келіншектерінен ұят кетті…
Мен жақсы көретін әнші сіңілім»мен екіқабатпын, әкесінің кім екенің айтпаймын» деп еркелейді жаным-ау айтпсаң айтпа, «қағынған жатырдан, ұшынған бала туады»…дегендей ғой, тек ренжи көрмеші жарығым!
Ел басқаратын ұл тумайтының белгілі.
Арамзада некесіз болса да, кінәсі жоқ сәбиің, жер бетіне аман сау, тірі келсін деп тілеймін!
РАЙХАН МАТАЕВА