АНАНЫҢ ҚАТАЛ, ӘРІ ШЫНАЙЫ АМАНАТ ХАТЫ

Қызым, біраз уақыттан кейін мен сені үйден қууға құқығым бар. Себебі, сен 18 жасқа толып, өзіңнің жеке өміріңізді құруға құқылысың. Бірақ сенде екі жол бар.
1/ Егер сен ЖОО-да оқығың келсе, мен сен оқуыңды бітіргеніңше жауаптанып, қолдайтын боламын. Егер оқымай жұмыс істеймін деп шешсең, сен өз-өзіңді қамтамасыз етіп өмір сүруің керек. Оқу оқымайтын 18 жастағы қызды мен асырауға тиіс емеспін деп ойлаймын.
2/ Сен сұлу, әдемі, ақылды, менен әлдеқайда артықсың. Себебі сені туғаннан бері білетін жалғыз адам менмін.
3/ Мен саған үлгі емеспін. Сен мүлдем басқа, жеке адамсың. Маған ұнайтын нәрсе саған ұнамауы мүмкін, менің көзқарасымды қабылдауға мәжбүр емессің. Сен бөлек адамсың. Бірақ өз таңдауыңа өзің жауап бересің.
4/ Сен бостандықта, еркінсің. Мен сенен ештеңе күтпеймін. Сенің таңдауыңа және жеке өміріңе араласпаймын. Алайда 1-параграфты қайта оқып шығуды ұсынамын.
5/ Сен маған ештеңе қарыз емессің. Мен сені несиеге өсірген жоқпын. Сенің маған бір кесе су әкеліп, бақытты қарттықты жасап беруіңді күтпеймін, сенің өзіңе ұнайтын және бағалы өмірді таңдауыңа, тіпті ағыммен болса да өмір сүруге құқығың бар. Бұл сенің өмірің, сенің таңдауың.
6/ Сенде туған үйің-отбасың бар, ол қаласаң көмектеседі, бірақ сенің өміріңе араласпайды.
7/ Менің де өз өмірім бар, сен қалады деп бәрін де тастауыма болмайды. Оны мен жасай аламын, бірақ қажет емес!
8/ Сен өз қалауыңмен өмір сүр, маған ұнамай қалама деп ойлама. Қашанда сен менің қызымсың.
9/ Басқалардың өмірі мен көзқарасын өзіңе таңба.
10/ Әлем әділетсіз болып көрінетін кездер көп болады. Сен әлемді бақылай алмайсың, тек адал бол. Өзіңді түсініп үйрен және ешқашан өзіңе өтірік айтпа. Өз құндылықтарың туралы біл.
11/ Саған пайдалы нәрсе басқаларға зиянды болуы мүмкін, немесе керісінше. Өз болмысыңмен бол.
12/ Сен 100% тек өзіңе ғана сен. Маған да сенбе. Біз бір-бірімізден қандай бір нәрсені жасырамыз, кейде толық айтпаймыз емес пе. Мен де анаммен дәл солай болдым. Сіз өзіңді толығымен білетіндіктен, өз қабілеттеріңді де тек өзің білесің.
13/ Жауапкершіліктен қашпа. Бірдеңе жасарда, өз бетіңмен шешім қабылдап, жалғастыра аламын ба деп мұқият ойлан. Бала тусам жалғыз өзім асырап тәрбиелей аламын ба, өз бетімше жоба жүзеге асырып аяқтай аламын ба, немесе шетелге көшіп барсам онда жалғыз өзім өмір сүре аламын ба?,-деген сияқты көптеген сұрақтарды өзіңе қойып барып шешім шығара біл. Жақындарым көмектеседі деп ойлау жақсы, бірақ олар саған көмектесуге міндетті емес. Ешкімге тәуелді болма.
14/ Бірдеңе жасағанда көптеген нұсқаларды ойластыр. Көп нұсқалардың бірі дұрыс болады.
15/ Мен саған өз ойыммен, өзімнен де жақсы өмір сүрсе екендеп 14 түрлі аманат жаздым. Бірақ мені тыңдама. Сен мен емессің. Салыстырма және бірдей болма. Өмір сүр. Мен сені өзім үшін ғана емес, әлемде, толыққанды өмір сүруге тиісті адамды дүниеге әкелгенмін.
15/ a. Өтіп кеткеннен соң шағымданба.
15/ б. Телефоныңды ажыратпа. Мен алаңдаймын.