Күйеу аяқ
Әжемнің әңгімесін жазып отырмын. Ол кісі өткен-кеткеннен сыр шерткенде, тыңдаған сайын бір ғибрат аласың. Сол айтқан әңгімелерінің бірі:
Біз жас күнімізде әрбір ғұрыптың өзіндік мәні бар екенін білетінбіз. Қазіргілер ұмытып бара жатқан шығар. Бұрын жігіт қалыңдығын алғаннан кейін, енесін өз үйіне құрметтеп апарып салатын. Осы дәстүр «күйеуаяқ» деп аталады.
Неге олай аталады, әже? деп сұрадым мен.
Себебі, бұл күйеудің жауапкершілігін көрсететін ғұрып. Жаңа түскен келіннің әке- шешесі үшін бұл үлкен құрмет. Сол себепті, күйеу жігіт келіншегінің анасын өз үйіне арнайы шақырып, қошаметпен, сый- құрметпен шығарып салған. Бұл тек күйеу баланың емес, тұтас бір рудың абыройы саналатын.
Сонда қалай өтеді екен бұл рәсім? дедім қызығып. Қыздың төркініне барған күйеу бала қайын жұртының алдындағы міндетін толық атқарғанын көрсетеді. Сол жолы оған ата- енесі ризашылықпен ірі мал атап, «күйеуаяқ» сыйлығын берген. Мұның мәні күйеу баланың ендігі жерде келінін өз шаңырағына лайықты келін, ана етіп тәрбиелеу міндетін арқалағанын білдіреді.
Әжем бір сәтке ойланып, көз алдына өткен күндерді елестеткендей болды. Біздің ауылда бір қызық оқиға болған, деді әжем күлімсіреп. — Бірде Ержан деген күйеу бала әдеп бойынша енесін өз ауылына құрметпен алып келуге ниеттенеді. Жолға шықпас бұрын, барынша дайындалып, үлкендерден батасын алып, енесін сән- салтанатпен өз ауылына жеткізеді.
Ауылға келген соң, енесі қызын өз көзімен көріп, жаңа шаңырағындағы жағдайына көңілі толып, біраз күн қонақ болып қалуға бел буады. «Қызымның жаңа өміріне өзім куә болып, біраз жәрдемдесейін», — деп шешеді. Мұны естіген Ержанның анасы да құрмет көрсетіп, енесіне арнайы ақ орда тігіп, бар жағдайын жасайды. Мұндай сый-құрметке разы болған қайын жұрты күйеу баланы ерекше ықыласпен мақтап, риза болып, оған «күйеуаяқ» ретінде ірі мал — екі жылқы атап жібереді. «Қызымызға жақсы жар болған күйеу баламызға бізден де құрмет болсын!» батасын береді. деп
Әжемнің бұл әңгімесін тыңдап отырып, халқымыздың әрбір дәстүрінде үлкен мән- мағына жатқанын ұқтым. Күйеуаяқ – тек бір дәстүр емес, отбасы мен құдандалық қарым-қатынастың белгісі екен. Қазір осы ғұрып ұмытылып бара ма, білмеймін, бірақ ата-бабамыздың осындай салт-дәстүрін жаңғыртып, ұрпаққа жеткізу — біздің міндетіміз деп ойлаймын.
Аруана Қасымбек
Әлеуметтік желіден