Қазақ сүйіспеген
Қазақ сүйіспеген.
Қыз арына орынсыз тиіспеген.
Қалыңдықтың сипаған қара шашын,
Айдай болған маңдайдан иіскеген.
Жанарынан сөндірмей сыр ұшқынды,
Бірдей бөлген бастығы ырыс-мұңды,
Алтыбақан тербеген айлы түндер,
Аруларды арыспен ұғыстырды.
Көңілі кетпей бір сәтке көз көргенге,
Қазбен бірге келем деп сөз бергенде.
Махаббатты қызғаныш деп ұққандар,
Садақ тартқан ерлерге кез келгенде.
Талайларды тас орға жыққан қылыш,
Соқырлықтан сезімсіз шыққан бұл іс.
Таразының тасында сенім тұрсын.
Махаббатты сенім деп ұққан дұрыс.
Қазақ сүйіспеген,
Қыз арына қиянат тиіспеген.
Қалындықтың сипаған қара шашын,
Айдай болған маңдайдан иіскеген.
Өтеген Оралбаев