АУДАНДЫҚ БАТА БЕРУДЕН ІРІКТЕУ САЙЫСЫ ӨТТІ

Бата беру дәстүрі — қазақтың ежелден келе жатқан ұлттық болмысы. Ғасырдан ғасырға тараған қазынамыз бата беру арқылы ұрпақты адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелейміз. Бата беру дәстүрін сақтауда қариялардың алар орны ерекше.
🔰Осы орайда, бүгін аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Жаңатас көпсалалы колледжінде «Батаменен ел көгерер» атты аудандық бата беруден іріктеу сайысы өтті.
🔰Шараның ашылуында аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов сөз сөйлеп, қазақы дәстүрді ұстануда батаның алар орны ерекше екенін айтты. Мұнан соң аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Аппазов пен аудандық ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған билер кеңесінің төрағасы Қалмырза Жандарбек те құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
🔰Байқауға қала мен ауылдық округтерден 8 батагөй қария қатысып, сайыстың 3 кезеңі бойынша сынға түсті. Тілектер төгіліп, баталы сөз ағылған байқауға аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Шәдиев Жамбыл қария, аудандық аналар алқасының төрайымы Қожаназарова Светлана, ақын, » AMANAT» партиясы аудандық филиалының консультанты Самат Тоқбанов әділқазылық етті.
🔰Тартысты өткен байқау қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынды Жаңатас қаласынан қатысқан Ижанов Дарханбек иеленіп, облыстық байқауға жолдама алса, екінші орынмен ақтоғайлық Серік Тілеуов марапатталды. Жүлделі үшінші орынға Жайылма ауылынан келген Кенжеболат Үмбетов лайық деп танылды.
🔰Бата беру сайысына қатысушы барлық батагөй қарияларға ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар тапсырылды. Сондай — ақ, жеңімпаздарға бағалы сыйлық, диплом және Жаңатас қалалық ардагерлер кеңесінің атынан қаржылай сыйлықтар берілді.
🔰Шарада аудандық мәдениет үйінің әншілері әуелете ән шырқап, байқаудың көркін қыздырды.