ТӨЛЕБИЛІК КӘСІПКЕР БЕКІРЕ, ФОРЕЛЬ БАЛЫҒЫН ӨСІРУДЕ

✔️Мемлекет басшысы Жолдауында балық шаруашылығына ерекше мән беру керектігін атап өткен болатын. Осыған орай балық шаруашылығын дамытуға мемлекеттен арнайы субсидия беріледі.
✔️Төлеби ауданында балық шаруашылығын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда.
✔️Сондай-ақ аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов инвесторлармен кездесулерде табиғаты тамаша аймақта балық шаруашылығын дамыту мүмкіндіктерін таныстырып, кәсіпкерлерге заң аясында қолдау көрсетілетінін түсіндіруде. Нәтижесінде, қазіргі таңда аудан аумағында балық шаруашылығымен 16 кәсіпкер айналысса, 5 шаруашылық биыл ашылды.
✔️Киелітас ауылдық округіндегі “FISH-House” ЖШС-і балықтың сазан және форель түрін уылдырықтан (икра) көбейтіп, арнайы жасалған тоғандарда бекіре балығын өсіруді қолға алған. Инвестиция құны – 400 млн. Арнайы жасалған бассейндерге 15 тонна сазан шабағы, 60 тонна форель , 3 тонна бекіре тұқымдас, 10 тонна жабак балығын жіберді.
✔️Бүгінгі таңда 50 ауыл тұрғынын уақытша жұмыс орнымен, алдағы уақытта 30 адамды тұрақты жұмыспен қамтуды көздеп отыр. Сонымен қатар кәсіпкер өз қаржысы есебінен жол бойына замануи балалар ойын алаңшасын салып, халыққа пайдалануға беруді жоспарлауда.
✔️Кәсіпкер форель балығын күн суытқан уақытқа дейін арнайы орында өсіріп, күз мезгілінде ашық бассейнге жіберетінін айтты. Бұған қоса, ауданға келуші туристерге балықтың бірнеше түрін ұсынып, этно стильде дәмхана ғимаратының құрылысын жүргізетінін жеткізді. Тоған айналасына ерекше жеміс ағаштарын егіп, абаттандыруды қолға алған.
✔️Бірінші Мамыр ауылдық округіндегі «Шымкентбалық» ЖШС 2 га жерде жерде балық ұстауға арналған алты бассейн жасап, форель балықтарын өсіріп, жылына 300 тонна өнім алуды қолға алған.
✔️Аудан әкімі мекемелер жұмысымен танысып, кәсіпкермен тілдесті. Оларды толғандырған сұрақтарына жауап беріп, көтерілген мәселелердің заң аясында шешілу жолдары қарастырылатынын айтты. Шағын кәсіпкерліктің мемлекет қолдауында екенін айтып, мемлекеттік бағдарламалар, төленетін субсидиялар туралы түсіндірді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі